Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау өте маңызды
![](https://files.medelement.com/uploads/co/97947321461209614/information/21c76a7c4666516c7beafbcddb4de48a.jpeg)
Жақсы есім мен беделден артық ештеңе жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа шалдығу – абыройсыздық.
Өз жұмысыңыздың жеке бас пайдаңызға емес, заңдылық пен адалдыққа бағытталуға тиіс екендігіне есте сақтаңыз.
Сыбайлас жемқорлықты қөре-біле тұра үндемейтіндердің барлығы осы зұлымдықтың қатысушысына айналады.
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтарға тап болған жағдайда, Сіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 call-орталығына жүгіне аласыз (қоңырау шалу тегін).
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 4000 АЕК-ке дейін (14 млн. теңгеге дейін) ақшалай көтермелеу көзделген - call-орталық 1424 (қоңырау шалу тегін).
Мемлекет қаражатын жымқыру – жазаланбай қалмайтын қылмыс.
Игіліктерді (ақша, бағалы қағаздар, демалуға немесе емделуге жолдамалар, жұмыстар және басқа да қызметтер) заңсыз алу үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ұмытпаңыз.
![](https://files.medelement.com/uploads/co/97947321461209614/information/9d8e249cfaf5d07022e01a53a0bb684c.jpeg)
![](https://files.medelement.com/uploads/co/97947321461209614/information/43a09c0d364009b2833b1b3e5db4cbae.jpeg)