22.06.2023. Көкшетау қаласында медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
22.06.2023. Көкшетау қаласында медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қатысып, дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, марапаттар табыс етті.
Медицина қызметкері күніне орай Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен Атбасар КАА емханасының хирург дәрігері Қонысбеков Қайырбек Еранұлы марапатталды.
Қайырбек Еранұлы өз сөзінде медицина ардагерлерін атап өтті, соның арқасында дәрігерлердің жас ұрпағы сабақтастық жолымен білім алып, өз тәлімгерлерінен тәжірибе жинақтауда.