"Атбасар көпбейінді ауданаралық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Атбасар, Уәлиханов к-сі, 15-үй
+7 (71643) 7 99 08
+7 (71643) 7 99 09

Мемлекеттік қызметтерге шағымдану қызметтер


Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты "электрондық үкімет" бірыңғай байланыс орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414, 8-800-080-7777 (қоңырау шалу тегін) телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген не дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайларда шағым көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша: көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің атына немесе порталға беріледі egov.kz

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

Шағым құзыретіне шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін лауазымды тұлғаға  жолданады.

Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), пошталық мекенжайы, Байланыс телефондары (бар болса), шағым берілген күні және көрсетілетін қызметті алушының қолы көрсетіледі.

Шағым беру кезінде іс-әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағым жасалатын лауазымды тұлғалардың  лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері мен талаптары көрсетіледі.

Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шағымды берген мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдаған лауазымды адамның күні мен уақыты, тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің лауазымды адамдарынан алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде шағымды қарау барысы туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау, қарау нәтижесі туралы белгі) көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" қолжетімді болады.

Шағымдарды қарау "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде"көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу