Емханаға тіркелу
ТІС ЕМДЕУ КІМДЕР ҮШІН ТЕГІН?
МӘМС бойынша сақтандырылған азаматтарға дантинст қандай жағдайда тегін көмек көрсетуі тиіс?
ШҰҒЫЛ ЖАҒДАЙДА КІМДЕРГЕ?
- 18-жасқа дейінгі балалар
- жүкті әйелдер
- ҰОС ардагерлері
- зейнеткерлер
- 1,2 және 3 топтағы мүгедектер
- «Күмiс алқа» және «Алтын алқа» төсбелгілерінің иелері
- Атаулы әлеуметтік көмек алушылар
- Мүгедек балаға немесе бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін азаматтар
КӨРСЕТІЛЕТІН КӨМЕК ТҮРЛЕРІ:
✔ жансыздандыру
✔ салманы дайындау және орналастыру
✔ жансыздандыру арқылы тіс жұлу
✔ периостотомия
✔ абцесті ашу
ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ КІМДЕРГЕ?
- 18-жасқа дейінгі балалар
- жүкті әйелдер
КӨРСЕТІЛЕТІН КӨМЕК ТҮРЛЕРІ:
✔ жансыздандыру арқылы тіс жұлу
✔ салманы дайындау және орналастыру
Мектептер бойынша тегін көмек оқушылардың көзі тексеріледі:
- ауыз қуысын тексерістен өткізу
- жарықтарды жабу (тістердің беткейінде орналасқан табиғи ойықтар)